Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда жылу желілеріндегі сынақтар кезінде жер астынан су бұрқағы атқылады (видео)

Опубликовано:

Жарылған құбырдан атқылаған су бұрқақ
Жарылған құбырдан атқылаған су бұрқақ. Фото: instagram.com/ekibasvteme

Бүгін, 26 қыркүйек күні әлеуметтік желіде Екібастұзда құбыр жарылғанының видеосы пайда болды. Анықталғандай, қалада жылу желілерінің гидравликалық сынақтары жүргізілген - туындаған ақау анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар ekibasvteme Instagram парақшасында жарияланған. Видеоларда құбырдан атқылаған су бұрқақтың салдарынан көлік жолын су басқанын көруге болады.

Желі қолданушылары жазбаның астында алдағы жылыту маусымына қатысты уайымын білдіре отырып пікір қалдырған.

Zakon.kz порталының қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі жылу желілерінде жүргізілген гидравликалық сынақтар кезінде №2 магистральдық құбырдың қайта қалпына келтірілген учаскесінде 24Л жылу камерасындағы сальник компенсаторында ақау анықталған. Қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Сондай-ақ бұған дейін қала тұрғындары сынақтар өткізілетіні жайлы ескертілген еді.

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-нің Instagram желісіндегі ресми парақшасында қала тұрғындарына үндеу жарияланған. ЖШС баспасөз қызметінде тұрғындарға жылу желілері мен жылу камералары орналасқан жерлерде сақ болуды ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038261-ekibastuzda-zylu-zelilerindegi-synaqtar-kezinde-zer-astynan-su-burqagy-atqylady-video/

pixel