jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Шығыс Қазақстан облысында 30 сантиметрге дейін қар жауды (видео)

ШҚО-да қар жауды
ШҚО-да қар жауды. Видеодан кадр: instagram.com/qazfwc

Кеше, 26 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей аудандарында қар жауды. Марқакөл көлінің маңында жауған қардың қалыңдығы 30 сантиметрге дейін жеткен.

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің Instagram желіcіндегі парақшасында хабарлауынша, биыл ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алғашқы қар Марқакөл қорығында жауған.

Екі күн бойы толассыз жапалақтап жауған қардың қалыңдығы 20-30 сантиметрге дейін жеткен.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Катонқарағай ауданының тұрғындары да жауған қардың кадрларын бөлісуде. Алайда бұл жақта қар аз жауып, тез еріп кеткен.

"Марқакөл қорығы метеостанциясында 28 сантиметрге дейін қар жауды, Катонқарағайда да жылбысқы қар түсті, бірақ жылбысқы қар болғандықтан, жауып, тез еріп кетті. Ауа температурасы таулы аймақтарда -2 градусқа дейін төмендеді", - дейді "Қазгидромет" өкілі.

Айта кетейік, метеорологтар бірер күн бұрын Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарының тұрғындарына ауа райының қолайсыз болатынын ескертіп, мұнда дауылдық ескерту жарияланған еді.

Синоптиктердің айтуынша, биыл күз әдеттегіден салқындау. Қыркүйек айында ауа температурасы нормадан шамамен бес градусқа төмен болып отыр.

Шығыс Қазақстан облысында 30 сантиметрге дейін қар жауды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.