Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізу жоспарлаған": ҰҚК ителгілерді шетелге шығармақ болғандардың жолын кесті (фото)

Опубликовано:

Ителгі құсы
Ителгі құсы. Фото: ҰҚК

ҰҚК қызметкерлері Қазақстанның Қызыл кітабына енген ителгілерді контрабандалық жолмен шетелге шығармақ болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 17 қыркүйекте ҰҚК қызметкерлері Атырау қаласының әуежайында Қазақстанның Қызыл кітабына енген 28 ителгі құсын контрабандалық жолмен шетелге шығармақ болған шетелдіктер мен Қазақстан азаматтарын ұстау бойынша арнайы операция өткізген.

"Құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізуді жоспарлаған. Ұйымдастырушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ителгі құсын ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме, оларды ұйықтатуға арналған медициналық препараттар табылды", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратынша, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 3-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ал келтірілген залалдың сомасы 200 млн теңгеден асады.

Құзырлы орган Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайтынын атап өтті.

Ителгі құсы
Ителгі құсы. Фото: ҰҚК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038289-tayau-sygys-elderinin-birine-zetkizu-zosparlagan-itelgi-qusyn-setelge-sygarmaq-bolgandardyn-zolyn-kesti-foto/

pixel