Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Кісен және телефон
Кісен және телефон. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті 1986 жылы туған қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, күдікке ілінген азамат өзін құқық қорғау органдарының қызметкері, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде таныстырып, әр түрлі мәселелерді шешу бойынша өз қызметтерін ұсынған.

"Сондай-ақ алдау және сенімді теріс мақсатта пайдалану арқылы азаматтардың мүлкін аса ірі көлемде жымқырған. Ақшалай қаражат мемлекеттік органдарда оң шешім қабылдатуға арналған", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазіргі таңда күдікті соттың санкциясымен қамауға алынғанын, оның басқа да осындай қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038296-almatyda-ozin-quqyq-qorgau-organdarynyn-qyzmetkeri-retinde-tanystyrgan-er-adam-ustaldy/

pixel