Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Етін тұтыну үшін атқан": ШҚО-да ер адам аюды атып алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Аю
Аю. Көрнекі фото: t.me/POLICE_of_KZ

ШҚО-да аюды атып алды деген күдікке ілінген Өскемен қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасы хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, полицейлер Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысты деген күдікпен Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстаған.

"Күдікті жыртқыштың етін тұтыну үшін атып өлтірген. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан рұқсат құжаттары бар 12 калибрлі Ataarms және 308 калибрлі Zauermod мылтықтарын, квадроцикл және аюдың ұшасын тәркіледі, кейін олар ветеринарлық зертханаға сақтауға берілді", - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалған.

Сондай-ақ күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Аталған бап үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038363-etin-tutynu-usin-atqan-sqo-da-er-adam-ayudy-atyp-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel