jitsu gif

Қыркүйектің соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Тұман
Тұман. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Тек батыста күн жауын-шашынсыз болады деп болжанады.

Түнде және таңертең еліміздің солтүстік жартысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман күтіледі.

Шығыста 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады. Температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді.

Ал республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз +17...+23 градусқа дейін, таулы аудандарда +8...+13 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі мүмкін.

Қыркүйектің соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.