Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ департаменттерінің басшылары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды

Опубликовано:

судьяның балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Алматы мен Қызылорда облысының жоғары лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, әскери соттың апелляциялық алқасы Руслан Қасыбаевқа қатысты үкім шығарды.

"Сотталушы мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыс көлемі үшін толық құнын заңсыз төледі және техникалық қадағалаудың оң қорытындысынсыз қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің бірін пайдалануға қабылдаған", - делінген хабарламада.

Ол билікті теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар Қызылорда облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Берік Стамқұловқа қатысты үкім шықты.

"Стамқұлов Оразбаховтан делдал Атажанов арқылы жеткізушіні таңдау кезінде артықшылық көрсеткені және газ толтыру пункттері бойынша жобалық құжаттарға кедергісіз қол қойғаны үшін 500 мың теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар Стамқұлов лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы ҚР ТЖМ лауазымды тұлғаларына кездесулер мен бос уақытты ұйымдастыру сылтауымен өзінің бағынысты 4 қызметкерінің 100 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иеленді"- делінген ведомствада.

Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы үкіммен пара беруші Оразбахов 3 жыл мерзімге, делдал Атажанов 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандарға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынады.

Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038410-tzm-departamentterinin-bassylary-sybailas-zemqorlyq-qylmystary-usin-sottaldy/

pixel