jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада Сәдуақас Байғабыловқа сот үкімі шықты

    Сәдуақас Байғабулов
    Сәдуақас Байғабулов. Фото: ortcom.kz

    Елордада Ұлттық сараптама орталығы төрағасының экс-орынбасары Сәдуақас Байғабылов пен орталықтың Жетісу филиалының басшысы Асхат Манкеевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Сәдуақас Байғабыловқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша істі қарады. Сондай-ақ Асхат Манкеевке қатысты да іс қаралды.

    Манкеев Ұлттық сараптама орталығында ШЖҚ РМК Жетісу облыстық филиалын басқарды – сотта оған Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және де 367-баптың 2-бөлігі бойынша айып тағылды.

    Айыптаушы тарап Манкеев Байғабыловқа қажетті лауазымды алу үшін пара берген деп есептейді - бұл ақша үшін ол оған көмектесуі керек еді. Байғабыловтың адвокатының айтуынша, оның қорғаушысы ақшаны кері қайтарған. Байғабыловтың өзі түсіндіргендей, ол Манкеевке көмектесе алмайтынын түсінді.

    Сот шешімімен Байғабылов пен Манкеев кінәлі деп танылды.

    "Сәдуақас Байғабылов Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

    Асхат Макеев Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігінде және 367-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалсын", - деп судья.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.