Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері төрт күнге жабылады

Жарияланған күні:

Шекара
Шекара. Фото: gov.kz

2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, шекарадағы өткізу пункттері Қытайдағы мереке күндеріне байланысты жабылады.

"2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды", - делінген хабарламада.

Бірақ Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

"Тасымалдаушыларды және шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді демалыс күндерін ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038439-qazaqstan-men-qytai-sekarasyndagy-otkizu-beketteri-tort-kunge-zabylady/