Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 мың теңге": Қазпошта басшысы ауылдағы қызметкерлердің жалақысы неге аз екенін түсіндірді

Опубликовано:

1000 теңегеліктер
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін парламент мәжілісінде "Қазпошта" АҚ жүйесін дамыту тақырыбын талқылау кезінде депутат Мақсат Толықбай пошта жеткізетін қызметкерлердің жалақысын өсіру мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мақсат Толықбайдың сөзінше, елімізде пошташылардың орташа жалақысы – 140-146 мың теңге. Ал Қазақстанның шығысындағы мамандар небәрі 30 мың теңге алатынын айтқан.

"Газет таратамыз, зейнетақы береміз, қосымша жеткізулер болады дейді. Бірақ айлығы – 30 мың теңге, ол шайлығына да жетпейді. Бірақ компанияның табысы 8 айда 58 млрд теңге деп айттыңыздар. Сол тапқан табыс қайда кетіп жатыр? "Самұрық-Қазынаға" ақшаны қайтарып бересіздер ме?", - деді Мақсат Толықбай Қазпошта басшысына.

Өз кезегінде "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова ауылдағы пошта қызметкерлері күніне екі сағат жұмыс істейтінін, сондай-ақ жалақыны өсіруге қосымша қаражат қарастырылатынын айтты.

"Ауылда пошта қызметкерлері бұйрық бойынша аптасына екі рет шығады. Ал біздің төлем сағатына есептеліп төленеді. Өз жұмысын аяқтап, поштаны таратып беріп, сол үшін ақшасын алады. 146 мың алатын қызметкерлер таңғы сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді. Ауылдағы қызметкерлер 2 сағат қана жұмыс істейді. Сол үшін жалақылары осындай", - дейді компания басшысы.

Оның айтуынша, биыл жалақыны 25 пайзыға көтеру үшін қосымша қаражат керек.

"Ол ақшаны қайдан аламыз? Мемлекет бізге ол ақшаны бермейді. Сондықтан біз сервистерді дамытып, оны өзіміз табамыз", - дейді Әсел Жанасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038460-30-myn-tenge-qazposta-bassysy-auyldagy-qyzmetkerlerdin-zalaqysy-nege-az-ekenin-aitty/

pixel