Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аграрлық несие корпорациясы" филиалының басшысы ұсталды

Жарияланған күні:

Күдіктіге кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Бизнеске жол" жобасын іске асыру шеңберінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ облыстық филиалының басшысын ұстады. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Құзырлы орган мәліметінше, ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деп күдіктелуде.

"Пара сомасы 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі мөлшерді құрады. Ақшалай қаражаттар Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бөлінетін кредиттік қарыздарды беру мәселесін оң және кедергісіз шешуге арналған", - делінген хабарламада.

Антикор күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038493-agrarlyq-nesie-korporaciyasy-filialynyn-bassysy-ustaldy/