Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ тілі алаяқтан құтқарады": елорда жастары мемлекеттік тілді білудің артықшылығы туралы ерекше видео түсірді

Жарияланған күні:

Алаяқпен сөйлесіп отырған жігіт
Видеодан скриншот: instagram.com/astana_newtimes

Елорда жастары қазақ тілін білудің артықшылықтары туралы бейнеролик түсірді. Видео авторлары болашақ қазақ тілінде екенін, неліктен баланы қазақ сыныбына беру керектігін жеткізуге тырысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео сюжетіне сай, кейіпкерлердің біріне алаяқтар хабарласып, орыс тілінде мәліметтер сұрайды. Алайда оған қазақша жауап берген кейіпкердің сөзін алаяқ түсінбейді.

"Тілдерді білу сізді үлкен жетістікке жетелейді. Бірақ кейде ана тілімізді білмей, алаяқтардың құрбанына айналуымыз мүмкін! "Қазақ тілі алаяқтардан құтқарады. Ана тіліңді біл!", - деп жазған видео астына авторлар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038499-qazaq-tili-alayaqtan-qutqarady-elorda-zastary-memlekettik-tildi-biludin-artyqsylygy-turaly-erekse-video-tusirdi/