Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ЖЭО-3-те болған апат": Қарағандыға жарық берілді

Опубликовано:

Жарық
Жарық. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қарағанды ​​мен Қарағанды ​​облысында ЖЭО-3-те болған ірі апаттан кейін электр қуатын беру қалпына келтірілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жарық берілді, барлығын қосты", - деп қысқаша хабарлады Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Энергетика министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында Қарағанды ЖЭО-3-те болған жағдайды тергеумен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті айналысатынын мәлімдеді.

"Қарағанды-Энергоцентр" ЖШС 220 кВ ЖЭО-3 ашық тарату құрылғысында қысқа тұйықталу және Қарағанды ЖЭО-3 және Топар ГРЭС байланыстыратын 110 кВ электр беру желілерінің одан әрі шамадан тыс жүктелуі салдарынан аталған электр станцияларында генерацияның толық төмендеуі орын алды. Өндірістің төмендеуіне байланысты Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының өнеркәсіптік тұтынушылары бойынша шамамен 350 МВт шектеулер енгізілді. Қазіргі уақытта аталған электр станцияларының жұмысы қалпына келтірілді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жағдай Энергетика министрлігі мен Қарағанды облысы әкімдігінің бақылауында.

Кейінірек министрлік Қарағанды ЖЭО-3-те электр қуаты қалпына келтірілгенін мәлім етті.

Айта кетейік, бүгін Қарағандыдағы үшінші жылу электр орталығында апат болып, қала жарықсыз қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038553-zeo-3-te-bolgan-apat-qaragandyga-zaryq-berildi/

pixel