Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысы ПД Көші-қон қызметінің басшысы ұсталды: Антикор жаңа деректерді бөлісті

Опубликовано:

Қолына кісен салынған әйел
Күдікті әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Абай облыстық полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы басшысының ұсталуына қатысты жаңа деректер шықты. Жаңа мәліметтерді Антикор Telegram-дағы ресми арнасында бөлісті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Абай облыстық полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жемқорлық күдігіне ілінген.

"Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші-қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Абай облыстық полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаеваның ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растап, толық мәліметті кейінірек ұсынатынын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038572-abai-oblysy-pd-kosi-qon-qyzmetinin-bassysy-ustaldy-antikor-zana-derekterdi-bolisti/

pixel