"Залал құны 7,4 млн теңге": Антикор АШМ шенеуніктерінің біріне қатысты тергеу жүргізуде
Жарияланған күні:
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты "Фитосанитария" ШЖҚ РМК бас директоры лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомсто мәліметінше, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" ШЖҚ РМК бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
"Лауазымды тұлға белгіленген тыйымға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құрып, басқарған және 2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін "Фитосанитария" ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының үй-жайын тегін ұсынып келген", - делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратынша, мемлекетке келтірілген залал құны 7,4 млн теңгені құрайды.
Антикор күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038697-fitosanitariya-bas-direktory-lauazymdyq-okilettikterin-asyra-paidalandy-degen-kudikke-ilindi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.