jitsu gif branding logo appbranding logo app

Air Astana Орал қаласына уақытша ұшпайтынын хабарлады

Әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәншүк Мәметова атындағы Халықаралық әуежайда жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Air Astana Орал қаласына уақытша ұшпайтынын мәлім етті. Бұл туралы әуе компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежай 8-10 қазан аралығында жөндеуге байланысты жабылады. Сондықтан осы кезеңде әуе компания Орал қаласынан/Орал қаласына рейстерді тоқтатуға мәжбүр.

Жолаушылар алдағы 14 күнге Орал қаласынан/Орал қаласына рейстерге билеттерді қайта брондай алады немесе құнын толық қайтара алады.

Қосымша ақпарат алу үшін билеттерді сатып алу орны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген Air Astana әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Орал әуежайының бспасөз қызметі да халықаралық әуежайдың 8 қазан сағат 02:00-ден 10 қазан сағат 05:00-ге дейін, сондай-ақ 12 қазан сағат 01:30-дан 17:00-ге дейін жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатынын хабарлаған еді.

Air Astana Орал қаласына уақытша ұшпайтынын хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.