Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолаушы Дубайдан елге iPhone 15 ұялы телефондарын заңсыз әкелмек болған

Опубликовано:

Контрабандалық iPhone 15
Тәркіленген ұялы телефондар. Фото: kgd.gov.kz

Алматы әуежайының кеден қызметкерлері iPhone 15 ұялы телефондарын Қазақстанға заңсыз әкелмек болған азаматтың жолын кесті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылы 22 қыркүйекте "Дубай-Алматы" рейсін кедендік бақылау кезінде жеке тұлғадан декларацияланбаған iPhone 15 телефоның 34 данасы тәркіленген.

Заң бұзушылықты Алматы қаласының "Жетісу" кеден бекетінің мамандары Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің және ҰҚК ШҚ "Алматы" шекаралық бақылау басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен анықтаған.

"Телефондардың алдын-ала есептелген кедендік құны – 25,3 млн теңгені, келтірілген шығын көлемі – 3,1 млн теңгені құрайды.

Тәркіленген тауарлар кедендік рәсімдеуден өту және рұқсат құжаттарын жасату үшін уақытша сақтау қоймасына жіберілді", - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері.

Ведомство ұялы телефондарды заңсыз әкелуге әрекет жасаған адам ӘҚБтК-нің 551-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын, оған 103,5 мың теңге (30 АЕК) көлемінде айыппұл салынатынын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті ұялы телефондар жеке тауарлар санатына жататынын және жеке тұлғалар оны кедендік шекара арқылы өткізген кезде олардың саны бір адамға екі данадан аспауы тиіс екенін еске салды.

Бұл норма Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығымен бекітілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038725-dubaidan-elge-iphone-15-telefondaryn-zansyz-akelmek-bolgan-zolausy-aiyppul-arqalady/

pixel