Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жер қатынастары басқармасының экс-басшысы ұсталды

Опубликовано:

Ақша ұстап тұрған ер адам
Ақша ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.

Антикордың хабарлауынша, жасырын іс-шаралар мен жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы әшкереленген.

"Ол инвестициялық жобаларды іске асыру сылтауымен жеке тұлғаларға мемлекеттік жер қорынан жер учаскелерін төмен бағамен заңсыз иемденуге жәрдемдесті деп күдіктелуде.

Шенеуніктің әрекеті салдарынан мемлекетке жер учаскелерінің құны түрінде жалпы сомасы 180 000 000 теңгеге залал келтірілді", - деп жазылған Антикордың хабарламасында.

Антикордың мәліметінше, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Сондай-ақ агенттік өкілі Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038751-almatyda-basqarmanyn-eks-bassysy-memleketke-180-mln-tenge-sygyn-keltirdi-dep-kudiktelude/

pixel