Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұз тұрғыны бомба жайлы жалған қоңырауы үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Телефон
Телефон. Көрнекі сурет: pexels.com

Бұрын терроризм актісі туралы жалған ақпарат бергені үшін жауапқа тартылған ер адам бұл ісін екінші рет қайталаған. Өз қателігінен сабақ алмаған азаматқа үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, ол бірінші қылмысын 2019 жылдың мамыр айында жасаған. Сол кезде оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бірақ қала тұрғыны пробация қызметінің есебінде тұрып, жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзуға жол берген. Сондықтан сот бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы шешім қабылдады. 1 жыл 26 күнді, яғни өзінің өтелмеген мерзімін Екібастұз тұрғыны қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өткізді.

Полиция бостандыққа шыққаннан кейін ер адам тағы да осындай қылмыс жасағанын айтты. Ол өткен жылдың желтоқсан айында полицияға қоңырау шалып, ол "әкімдік ғимаратында бомба бар" деп хабарлаған.

"Мамандар ғимараттан жарылғыш зат таппады. Қажетті іс-шаралар кешенін өткізу нәтижесінде "жалған террорист" ұсталды. Ер адам өз әрекетін мойындап, туыстарымен жанжалдасып қалғаннан кейін осындай қадамға барғанын айтты", - деп атап өтті Павлодар облысының полиция департаментінде.

Полиция мәліметінше, оның ісі қалалық сотта қаралып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сонымен қатар сотталған адам мемлекеттік органдарға 200 мың теңгеден астам сомадағы материалдық залалды және сот шығындарын төлеуге тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, ҚК-нің 273-бабы бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038858-ekibastuz-turgyny-bomba-zaily-zalgan-qonyrauy-usin-3-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel