Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Курсант пен нұсқаушы қаза тапты: Қарағанды облысындағы ұшақ апатына қатысты жаңа деректер жарияланды

Опубликовано:

Ұшқыш ұшақ бортында
Ұшқыш ұшақ бортында Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағанды облысындағы ұшақ апатына қатысты жаңа мәлімет жарияланды. Апатты жағдайға ұшыраған ұшақ бортында нұсқаушы мен курсант болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі әуе қорғанысы күштеріне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, TL-2000 жеңіл моторлы ұшағының апатқа ұшыраған бортында "Балапан" авиациялық оқу-жаттығу орталығы ЖШС базасында нұсқаушымен әуе қорғанысы күштері әскери институтының 3-курс курсанты болды. Ол нұсқаушымен оқу-жаттығу ұшуын орындаған.

Авиациялық оқиға кезінде экипаж қаза тапты. Оқиғаның себептері анықталуда. Авиациялық оқиғаны тергеуді арнайы тағайындалған комиссия жүргізеді.

"Әуе қорғанысы күштері әскери институты мен "Балапан" АОЖО ЖШС арасындағы келісімге сәйкес әскери оқу орнының курсанттары оқу-ұшу даярлығы курсының бағдарламасы бойынша практикалық ұшуларды орындайды", - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының басшылығы тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында ұшақ апатты жағдайға ұшырап, нәтежесінде екі адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038890-kursant-pen-nusqausy-qaza-tapty-qaragandy-oblysyndagy-usaq-apatyna-qatysty-zana-derekter-zariyalandy/