jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

ШҚО-да су құбыры жарылып, 6,5 мың адам сусыз қалды

Су құбыры
Су құбыры Көрнекі сурет: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кентінде су құбыры жарылып, 6,5 мың адам сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 30 қыркүйек күні сағат 13:00-де Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде суық су құбыры жарылды. 

"Барлығы 6,5 мыңнан астам адам тұратын 32 көпқабатты үй және 68 түрлі мекеме, оның ішінде 4 білім беру нысаны орталықтандырылған сусыз қалды. Құбырдың тым тозуынан осындай жағдай болды", - делінген мәлімдемеде.

Ұлан ауданының әкімдігі тұрғындарға ауызсуды кестеге сай жеткізіп отыруды бірден қолға алғанын айтуда.

Апат орнында "Молодежный" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарына барлығы 12 адам мен 3 техника жұмылдырылған.

ШҚО-да су құбыры жарылып, 6,5 мың адам сусыз қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.