Ақтөбеде нәрестені шайханада тастап кеткен әйел табылды
Жарияланған күні:
Ақтөбелік полицейлер сәбиін шайханада қалдырып кеткен әйелді тапты. Азаматқа қатысты шара қабылданды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, 29 қыркүйек күні жедел басқару орталығының "102" пультіне орталық базар маңындағы шайханадан жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Ювеналды полиция қызметкерлері баланы сәбилер үйіне жеткізді.
Полицейлер 31 жастағы жалдамалы пәтерде тұратын келіншекті іздеп тауып, бөлімшеге жеткізген.
Әйелдің айтуынша, ол таныстарын кездестіріп, артынша олармен бірге алкогольдік ішімдік ішкен.
Әйелге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ол профилактикалық есепке қойылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038946-aqtobede-naresteni-saixanada-tastap-ketken-aiel-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.