Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық статистика бюросы: елімізде егде жастағы адам саны небәрі 2,5 млн асады

Опубликовано:

Тоқып отырған әже
Қария. Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстанда жасы 60-тан асқан 2 616 515 адам бар. Статистика бойынша елімізде ерлерден қарағанда әйелдер саны көбірек. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша 60 және одан жоғары егде жасқа толған халық саны 2 616 515 адамды құрады, бұл еліміздегі жалпы халық санынан 13,2 пайыз.

Оның ішінде:

Ерлер – 1 031 051 адам (39,4 пайыз)

Әйелдер – 1 585 064 адам (60,6 пайыз)

"Егде жастағы халықтың ең көп саны Алматы қаласы – 288 922 адам, Қарағанды – 200 186 адам, Түркістан – 190 160 адам және Алматы облыстарында – 177 685 адам", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2022 жылы 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылған халық саны 308,3 мың адамды құраған.

Яғни 2021 жылмен салыстырғанда былтыр зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 2,8 пайызға өскен, ал тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері 2022 жылы 9,7 пайызға артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038983-ulttyq-statistika-byurosy-elimizde-egde-zastagy-adam-sany-nebari-25-mln-asady/

pixel