Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған": Шымкентте әкімдік шенеуніктері ұсталды

Опубликовано:

Кісен мен ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты істі қарап жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

ҚМА мәліметінше, қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қала әкімдігінің бақылауындағы қосалқы мердігерлермен және Шымкент қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен бірлесе отырып, жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, биыл жылу мен электр желілерін жөндеуге бөлінген 1,1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

"Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған. Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды", - дейді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Құзырлы орган сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Агенттік мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039059-elitalyq-turgyn-ui-keseninen-zylzymaityn-mulik-satyp-algan-symkentte-akimdik-seneunikteri-ustaldy/

pixel