Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда студентке қол көтергені үшін оқытушы мен колледж басшысы жазалануы мүмкін

Опубликовано:

Қол көтеру
Қол көтеру. Көрнекі фото: pexels.com

Павлодарда студентке қол көтерген оқытушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"29 қыркүйекте электрмен қамту сабағында мұғалім тақырыпты түсіндіру барысында оқушыны тұрғызып, токтың күшін көрсетпек болған. 55 жастағы оқытушыға қатысты білім алушыны ұрғаны үшін әкімшілік іс қозғалды", - делінген облыстық полиция бөлімінің хабарламасында.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, іс материалдары сотқа жіберілді.

Сонымен қатар кәмелетке толмаған балаға жасалған заңсыз әрекеттерді ішкі істер органдарына хабарламағаны үшін колледж басшысына қатысты материал уәкілетті орган – облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасына жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039142-pavlodarda-studentke-qol-kotergeni-usin-oqytusy-men-kolledz-bassysy-zazalanuy-mumkin/

pixel