Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер Шымкенттен ұсталды

Опубликовано:

Қауіпті қылмыскерді ұстау кезі
Қауіпті қылмыскерді ұстау кезі. Фото: telegram.org/k/#@POLICE_of_KZ

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген 34 жастағы шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz медиа-ақпараттық порталы.

Ведомствоның мәліметінше, ер адам Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан алаяқтық жасағаны үшін жасырынып келген. Ол "Заңсыз келуші -2023" өңірлік операциясы кезінде ұсталған.

"Тұран АПБ-ның көші-қон қызметкерлері Жергілікті полиция бөлімінің тәртіп сақшыларымен бірлесіп, ел аумағында заңсыз жүрген 34 жастағы шетел азаматын ұстады. Құқық бұзушының жеке басын анықтау кезінде Өзбекстан Республикасында халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер екені белгілі болды.

Көрші елдегі полицейлердің бағыттамасында, ер адам 2022 жылы қылмыстық жауапкершіліктен бас сауғалап қашып кеткені және қарулы болуы мүмкін екені көрсетілген. Алайда шетелдіктен ешқандай қару табылмады. Қазіргі таңда, күдікті қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039155-xalyqaralyq-izdeude-zurgen-asa-qauipti-qylmysker-symkentten-ustaldy/

pixel