jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында ол мұндай активтерді қайтару туралы бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-каналы.

    Жиынға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Бас прокуратураның басшылығы қатысты.

    Мемлекет басшысына кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша қабылданып жатқан шаралар мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы баяндалды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елімізді дамыту үшін пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

    Мемлекет басшысы осы іске жұмылдырылған барлық мемлекеттік құрылымдардың жұмысын жандандыру қажет екенін айтты.

    Жиын соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.