Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана станциясында пойыздың тоқтату кранын жұлып алған ер адамға айыппұл салынды

Опубликовано:

жолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы. Көрнекі фото: gov.kz

Астана станциясына жақындаған кезде "Алматы-Петропавл" бағытындағы пойызда мас жолаушы тоқтату кранын жұлып алып, пойыздың күтпеген жерден 16 минутқа тоқтап қалуына себеп болды, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаменті ресми сайтында.

Астана станциясындағы желілік полиция басқармасына елордаға жақындаған кезде тоқтату кранын қолдануына байланысты "Алматы-Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызы шұғыл тоқтағаны туралы хабарлама келіп түсті. Пойыз 16 минутқа тоқтап қалған.

Ведомство мәліметінше, тексеру барысында көлік полицейлері заңсыз әрекет жасаған жолаушыны анықтады.

"Ол Қостанай облысының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары жоғарыда аталған азамат масаң күйінде болып, тоқтату кранын қажетсіз қылып жұлып алғанын анықтады.

Құқықбұзушы акт бойынша поездан түсіріліп, оған ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу), 560-бабының 1-бөлігі (қажетсiз ретте поезды заңсыз тоқтату) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, тоқтату краны тек ерекше жағдайларда ғана қолданылады.

"Вагонда жолаушылардың өміріне немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулық пайда болған кезде, пойыз көпірде немесе көпірдің астында және жолаушыларды эвакуациялауға жол берілмейтін басқа да жерлерде тұрып қалған жағдайды есептемегенде, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда ғана пайдалануға рұқсат етіледі", - деп ескертті Көліктегі полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039206-astana-stanciyasyna-zaqyndaganda-poiyzdyn-toqtatu-kranyn-zulyp-algan-er-adamga-aiyppul-salyndy/

pixel