jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында оқушыларға жарамдылық мерзімі екі жыл бұрын өтіп кеткен йогурт таратылған

Мектеп асханасы
Мектеп асханасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысында тегін тамақтанатын бастауыш сынып оқушыларына жарамдылық мерзімі екі жыл бұрын өтіп кеткен йогурттар берілген. Жағдайға қатысты Қарасай ауданының әкімдігі пікір білдірді.

Жазба Instagram-дағы jandossov_ta парақшасында жарияланды.

Жазбада мемлекеттен тегін тамақ берілетін мектеп асханасында бастауыш сынып оқушыларына тіскебасар ретінде мерзімі екі жыл бұрын өтіп кеткен йогурт таратылғаны жазылған.

"Қаптамадағы жарамдылық мерзімі - 2021 жыл. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сүт өнімдері өте қауіпті аурулар туғызып, улануға әкелуі мүмкін.

Мұндай өнімдерді мектепке кім жіберді, келісімшарт бойынша тамақтандыру қызметінің өкілі бұған қалай жол берді? Жауап беруді және жағдайды дереу түзетуді талап етеміз", - деп жазған автор.

Қарасай ауданы әкімдігінің ҚазАқпарат агенттігіне берген мәліметінше, білім бөлімі аталған мектептің асханасын тексеруге жедел жұмыс тобын ұйымдастырған. Аудандық білім бөлімі ақпаратты растады.

"Азық-түлік сапасына жүргізілген мониторинг нәтижесінде "Айналайн" компаниясы шығарған "Растишка" йогуртінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткені анықталды, осыған байланысты оны пайдалануға тыйым салынды.

Мектеп директорына тәртіптік шара қолданылды. Жеке кәсіпкерге хабарлама жіберілді. Асхана жұмысы қатаң бақылауда", - деп жауап берді аудан әкімдігінің өкілдері.

Алматы облысында оқушыларға жарамдылық мерзімі екі жыл бұрын өтіп кеткен йогурт таратылған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.