Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Іле Алатауы ұлттық паркінде белгісіз біреулер орманшыны ұрып кеткен

Опубликовано:

Орман
Көрнекі сурет: pixabay.com

Желіде қара жол талғамайтын көлік мінген бірнеше адам Іле Алатауы ұлттық паркінің қызметкерін ұрып кетті деген ақпарат пайда болды. Жағдайға қатысты Экология министрлігі мен Алматы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Орманшының соққыға жығылғаны тупралы ақпаратты Facebook қолданушыларының бірі жариялады. Жазбада оқиғаның 29 қыркүйекте болғаны көрсетілген.

"Бұған компанияның джиппен шлагбаумды сындырып, өтуге тырысқаны себеп болған. Камерамен қамтамасыз ету үшін парктердің қаражаты да жоқ", - деп жазды ол.

Бұл ретте жазбада зардап шегушінің әпкесінің сөзі келтірілген. Оның сөзінше, шабуылдағандар қара түсті Land Cruiser көлігімен келген. Оның ішінде төрт адам отырған.

Осыған қатысты Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің өкілдері өзінің Instagram парақшасында оқиғаның 2023 жылғы 29 қыркүйекте болғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жағдай Іле Алатауы ұлттық паркі аумағындағы "Ақ қайың" шатқалының Каменск орманшылығында сағат 19:15 шамасында болған.

"Белгісіз төрт адам Медеу бөлімшесінің Каменск орманшылығының инспекторына шабуыл жасаған. Ол күдіктілердің ұлттық парк аумағына заңсыз кіруіне кедергі келтірмек болған. Қаскөйлер қара түсті Toyota Land Cruiser көлігімен буксир тіркейтін арқан арқылы "Дымқыл кілт" шатқалының жабық шлагбаумын бұзуға тырысқан", - делінген хабарламада.

Ведомство қазір мемлекеттік инспектордың жағдайы тұрақты екенін атап өтті.

Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, факті тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тергелуде.

"Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел және кешенді тергеу шаралары жүргізілуде", - деді құқық қорғау өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039399-almatydagy-ile-alatauy-ulttyq-parkinde-belgisiz-bireuler-ormansyny-uryp-ketken/

pixel