Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері еліміздің оңтүстігінде 28 градусқа дейін жылы болмақ

Опубликовано:

гүлдер
Гүлдер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде күн жылы болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің тұрғындарын жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтеді.

Күндізгі уақытта еліміздің солтүстігінде 15-23 градусқа дейін, оңтүстігінде 20-28 градусқа дейін жылы болады.

Ал республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн құбылмалы болады. Мәселен, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел тұруы мүмкін.

Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039494-aldagy-kunderi-elimizdin-ontustiginde-aua-temperaturasy-28-gradusqa-deiin-koterlui-mumkin/

pixel