Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бір топ жігіт ұрыға білмей көмектескен

Опубликовано:

Үй ұрысы
Ұры. Көрнекі фото: kr.informator.ua

Шымкентте бір топ жігіт білмей, мопед ұрысына көмек көрсеткен. Қазіргі таңда күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, жергілікті тұрғын үйінің ауласындағы автотұрақтан мопед ұрланғанын айтып арызданған. Келтірілген материалдық шығын көлемі - 400 мың теңге.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты қылмыстық кодекстің ұрлық яғни 188-бабы бойынша тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарына кіріскен.

Полиция мәліметінше, жедел басқару орталығының көше камераларын тексеру кезінде ұрлық болған маңнан бір топ жігіттің мопед сүйреп шыққаны көзге түседі. Кейін, жас жігіттің олардан "бұзылған мотокөлігін" жолдың шетіне дейін шығаруға көмек сұрағаны анықталды.

"Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде заң бұзушы тұрғылықты мекенжайында ұсталды. Мопед тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу барысында күдікті ұрланған мүлікті 2 шақырымға дейін жалғыз сүйреп, үйіне жеткізгені белгілі болды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деді тергеуші Мұхтархан Дүйсенбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039589-symkentte-bir-top-zigit-uryga-bilmei-komektesken/

pixel