Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірінші фонтан": Павлодарда көшенің ортасында жылу құбыры жарылды (видео)

Опубликовано:

Павлодарда құбыр жарылды
Оқиға орны. Видеодан кадр : instagram.com/ti.pavlo

Павлодардағы кварталдық жылу желісінде апат болып, көшенің ортасында су атқылаған. Оқиға орнында су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды "Павлодарэнергоға" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Instagram желісіндегі Ti.pavlo парақшасында Павлодарда құбыр жарылған жерден түсірілген видео пайда болды. Видео авторы жер астынан атқылап жатқан суды түсіріп алған.

"Павлодардағы бірінші фонтан", - деп пікір білдірген видео авторы.

Жазбаға пікір қалдырған "Павлодарэнерго" АҚ өкілдері Мүткенов көшесінде орналасқан №4 күшейткіш сорғы станциясын іске қосқаннан кейін кварталдық жылу желісіне диаметрі 400 мм зақым келгенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта су беру тоқтатылды, жөндеу бригадалары ақау болған жерде жұмыс істеуде. Ақаудың сипаты мен нақты орны анықталуда", - дейді мамандар.

Pavlodarnews.kz басылымының жазуынша, атқылаған судың максималды температурасы 65 градусқа жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039618-birinsi-fontan-pavlodarda-kosenin-ortasynda-zylu-qubyry-zaryldy-video/

pixel