Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Опубликовано:

Смартфон
Ұялы телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы полициясына 2 қазанда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген 14 жастағы оқушының ата-анасы жауапқа тартылды деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Экстремизмге қарсы күрес басқармасының мәліметіне сүйеніп басылымның хабарлауынша, 2009 жылы туған Р. есімді азамат әлеуметтік желі арқылы өзінің танысына мектебіне жарылғыш зат қоюды жоспарлап жүргенін айтып қорқытқан.

"Бұл туралы полицияға 2 қазан күні сағат 10:43-те сигнал келіп түсті. Жедел және арнайы іс-шаралар кешені жүргізіліп, нәтижесінде аты-жөні белгісіз адам анықталды. Жасөспірімнің сөзінше, жалған хабарлама жіберу арқылы ол досын мазақ қылмақ болған. Бұл әзіл үшін жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды.

Олардың үстінен ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған әкімшілік материал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатын болады", – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Дархан Әбіқұлов.

Сондай-ақ полиция мұндай заңсыз әрекеттер төтенше жағдайлар мен құқық қорғау органдарының айтарлықтай күші мен ресурсын жұмсауға әкеп соғатынын еске салды.

"Кінәлі адам жауапқа тартылумен қатар, сот шешімімен жалған қоңырау шалғаны үшін шығынды толығымен төлейді", - деп хабарлады полиция департаментінен.

Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 273-бабының талаптарына сәйкес терроризм актісі туралы жалған хабарлау бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039654-almatyda-zarylgys-zat-turaly-zalgan-xabarlama-bergen-oqusynyn-ata-anasy-zauapqa-tartyldy/

pixel