ҰҚК Алматыдағы екі жасырын зертханадан жарты млрд теңгеге жуық есірткі тәркіледі (фото)
Жарияланған күні:
Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті мегаполистегі синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияларды өткізді, деп хабарлайды комитеттің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен үш азамат ұстады.
Тінту кезінде 21 кг "мефедрон" және "альфа-РVР", прекурсорлардың ірі партиясы мен зертханалық жабдықтар анықталған
"Тәркіленген есірткі заттардың құны "қара" нарықта 420 млн теңгеге бағаланады, ал көлемі 85 000 рет қабылданатын мөлшерлемелерді құрайды", - делінген хабарламада.
Құзырлы орган материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғанын атап өтті.
ҰҚК өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайтынын жеткіздіү
Биыл 9 айда ҰҚК 30 халықаралық және аумақтық есірткі арналарының, сондай-ақ 29 есірткі өндіретін зертханалар іс-әрекетінің жолын кескенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039914-uqk-almatydagy-eki-zasyryn-zertxanadan-zarty-mlrd-tengege-zuyq-esirtki-tarkiledi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.