Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада такси жүргізушісі шетелдікті 150 метр жерге тасымалдағаны үшін ақша алған

Опубликовано:

Такси
Такси. Көрнекі фото: Рexels.com

Астанада такси жүргізушісі шетелдікті вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан "Сапаржай" автовокзалына тасымалдаған. Такси жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасында.

Ведомство мәліметінше, Астана станциясының теміржол вокзалында рейд жүргізу кезінде көліктегі полицейлер елорданың 50 жастағы тұрғынын анықтаған, ол теміржол вокзалынан екі жолаушыны тасымалдаған.

Ер адам жолаушылардың бірінің шетелдік екенін әрі қаланы білмейтінін пайдаланып, оны вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан "Сапаржай" автовокзалына 500 теңгеге апаруға келіскен.

"Аталған факті бойынша құқықбұзушы ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) және ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

ІІМ әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс бойынша 10 АЕК айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039948-astanada-seteldikti-150-metr-zerge-tasymaldagan-taksi-zurgizusisi-zauapqa-tartyldy/