jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Мектеп дәретханасында бейнекамера орнатылуы мүмкін

Бейнекамера
Бейнекамера. Көрнекі фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі қазір бұл мәселенің кем-кетігі қаралып жатқанын, алдымен бұл сұрақ халық алдына ашық ұсынылып, қоғамдық талқылау жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, үкімет мұндай қадамға соңғы кезде мектеп қабырғасында жиілеп кеткен буллинг кесірінен баруға мәжбүр екенін атап өтті.

Жауапты сала өкілдері елімізде "әрбір бесінші оқушы қатарластарынан тепіріш көреді" деген жаға ұстатарлық мәлімет таратып отыр. Соның барлығы дәретхана ішінде орын алады екен. Себебі мектеп дәлізінде камералар әр бұрышта орналасқан.

"Камераны дәретханада орнықтырған мәселені шешкенімен, кешенді шешкен дұрыс. Осыған біз бағытталып отырмыз. Әрине, камераны дәретханаға орнату мәселесі арнайы мамандармен, сарапшылармен ақылдасуды талап етеді. Өйткені ол жеке адамның құқығына әсер ету. Мәселесі ертең көтерілу керек. Әрнәрсені баппен, байыппен қараймыз", - деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Дереккөз: КТК арнасы

Мектеп дәретханасында бейнекамера орнатылуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.