Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы тіркелген қару иелерін тексеруде

Опубликовано:

Қару тексеріп жатқан полицей
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласында полицейлер 5-9 қазан аралығында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Тексеру барысында заңсыз сақталған қарулар тәркіленді, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қалалық полция департаменті мәліметінше, Алматы қаласында тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау және заңсыз айналымнан тәркілеу, атыс қаруын қолданатын қылмыстар, сондай-ақ тіркелген қаруы бар адамдар арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

"Іс-шараның бірінші күнінде 800-ден астам жеке азаматтық және 10 қызметтік қару иесі тексеріліп, нәтижесінде азаматтық және қызметтік қаруды сақтау шарттарын, тіркеу және қайта тіркеу ережелері бойынша 50-ге жуық бұзушылық анықталды. Өрескел бұзушылықтар үшін тіркелген 28 қару тәркіленді. Сондай-ақ, полицияның жедел қызметтерімен бірлесе отырып, 2 бірлік тіркелмеген қару мен 16 түрлі калибрлі патрондар табылды және тәркіленді", - деді Алматы қаласы ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Айдос Құсайынов.

Ол азаматтарды азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы барлық заң талабын қатаң және саналы түрде сақтауға, рұқсаттардың қолданылу мерзімін, оларды тұрғылықты жері бойынша сақтау ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039990-almaty-policiyasy-tirkelgen-qaru-ielerin-tekserude/

pixel