Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елшілік Израильдегі қазақстандықтарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Израиль көшелеріндегі ахуал
Израиль көшелеріндегі ахуал. Фото: Ahmad Gharabli / AFP via Getty Images

Қазақстанның Израильдегі елшілігі елдегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Дипломаттар отандастарымызды қауіпсіз орындарды болуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қауіпсіздік жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты, Қазақстанның Израильдегі Елшілігі барша (әсіресе, елдің оңтүстігіндегі) қазақстандық азаматтарды Тыл қолбасшылығының нұсқауларын (https://www.oref.org.il/ru) сақтауға, қауіпсіз жерлерде отырып, ресми билік хабарлағанға дейін сонда қалуға қатаң кеңес береді", - деп хабарлады ведомство Facebook парақшасында.

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігінің шұғыл байланыс телефондары: +972 (3) 741 78 05 (кезекші), +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, whatsapp), +7 700 111 31 96 (whatsapp).

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымыран атқылаған болатын. Шабуыл үшін жауапкершілікті палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды. Олардың әскери қолбасшысы Мұхаммед әл-Дейф "Буря Аль-Аксы" операциясының басталғанын мәлім еткен видео үндеу жариялады. Ол қарсыластарына 5 мың зымырандық соққы жасағанын мәлімдеді.

Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жағдайға байланысты алғашқы мәлімдеме жасап, ел қазір соғыс жағдайында екенін айтты.

Сондай-ақ Израиль аумағында төтенше жағдай жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040043-elsilik-izraildegi-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/