Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тағы бірнеше жол ақылы болады

Опубликовано:

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанда жаңа ақылы жолдар пайда болады. Кейбір жолдар бүгіннен бастап ақылы болмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "ҚазАвтоЖол" сайтына сілтеме жасап.

Компанияның хабарлауынша, 8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды. Бұл жол учаскелерінде ақы алу жүйесін енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен.

Осылайша, бүгіннен бастап "Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды.

Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни:

  • 2023 жылғы 9 қазанда "Бейнеу-Ақжігіт";
  • 2023 жылғы 10 қазанда "Орал-Самара";
  • 2023 жылғы 14 қазанда "Павлодар-Омбы";
  • 2023 жылғы 16 қазанда "Көкшетау-Петропавл" күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.

"Сонымен қатар "Орал-Саратов" жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр", - делінген хабарламада.

Бұл ретте жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді.

  1. 16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км;
  2. 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км;
  3. 32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/км;
  4. жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 20 тг/км;
  5. жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.

"Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады", - деп хабарлады компаниядан.

Абоненттік төлем туралы толығырақ ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040067-elimizde-tagy-birnese-zol-aqyly-bolady/

pixel