Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚТЖ-да 10 млн теңгеден астам заңсыз сыйақы мен төлемдерді беру фактілері анықталды

Опубликовано:

Қағаз ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владмир Третьяков

Көлік прокурорлары "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға заңсыз сыйақы мен төлемдерді беру фактілерін анықтаған, деп хабарлайды Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың сөзінше, аталған кәсіпорынның Ақмоладағы филиалы жеті жыл бұрын қайтыс болған зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған.

"Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйақыларды беріп отырған", - делінген хабарламада.

Бас прокуратураның хабарлауынша, қазіргі таңда заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Сондай-ақ аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040136-qtz-da-10-mln-tengeden-astam-zansyz-syiaqy-men-tolemderdi-beru-faktileri-anyqtaldy/

pixel