Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical бөлімшесінің басшысы ұсталды

Опубликовано:

Жалған дәрі-дәрмектер
Жалған дәрі-дәрмектер. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

Шығыс Қазақстан облысында Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Бұл туралы Қаржы мониторингінің агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, аталған фирма жалған фармацевтикалық компания болып танылды. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың сәуір айына дейін Telegram желісі арқылы салымшылардан заңсыз ақша алған.

Қаржы пирамидасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған.

Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен қамақта ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ агенттік өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Агенттікте қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және құқық бұзушылық жасалған жағдайда жеке мүлікті тәркілеу, 10 жылға дейін бас бостандықтан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040151-sqo-da-chia-tai-tianqing-pharmaceutical-bolimsesinin-bassysy-ustaldy/

pixel