Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да өзінің ұлы мен қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Опубликовано:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында өз балаларына қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық жасаған ер адам өмір бойына сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап.

Сот барысында 2020 жылдан 2023 жылғы қаңтарға дейін азамат Б. өзінің кішкентай қызы мен кәмелет жасына толмаған баласына қатысты бірнеше рет жыныстық зорлық көрсеткені анықталған.

Оның кінәсі жәбірленушілердің, олардың заңды өкілдерінің, куәгерлердің куәлігімен, сараптама қорытындысымен расталған.

Прокурор мен жәбірленушілердің өкілдері айыпталушыға барынша қатаң жаза беруді сұраған. Алайда Б. мен оның адвокаты айыптаумен келіспей, оны ақтауды сұраған.

Сот Б.-ның қылмысты мас күйде жасағанын жазаны ауырлататын мән-жай ретінде таныған. Бұл ретте жазаны жеңілдететін жағдай анықталмаған.

Сот барлық дәлелді сараптап, Б.-ны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040251-sqo-da-ozinin-uly-men-qyzyn-zorlagan-er-adam-omir-boiyna-sottaldy/

pixel