Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында Қазақстанның бірнеше туы қоқысқа тасталған (видео)

Опубликовано:

Мемлекеттік ту
Мемлекеттік ту. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Атырау тұрғыны қоқыста жатқан Қазақстан туын видеоға түсіріп алды. Полиция аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Басылымның жазуынша, редакцияға Атырау облысындағы вахта қалашығы аумағында түсірілген видеоны жіберген. Видео авторының сөзінше, ол қоқыстан еліміздің бірнеше туын алған.

"Бұл SICIM базасы. №8 блок маңындағы қоқыстар арасында жатыр. Көк туымызды жерге таптап жатыр. Бұған шара қолданыңыздар", - деді ер адам.

Порталдың ақпаратынша, бейнежазба Қаратабан кен орны аумағында түсірілген.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі факті бойынша Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау) сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Ведомство тергеу мүддесіне сәйкес өзге мәлімет жарияланбайтынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040254-atyrau-oblysynda-qazaqstannyn-birnese-tuy-qoqysqa-tastalgan-video/

pixel