Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан зардап шеккен адвокат мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Заңгерлерге шабуыл
Заңгерлерге шабуыл. Видеодан кадр: КТК

Кеше Дәулет Тұрлыхановтың ұлына сот үкімі шыққан болатын. Жәбірленуші адвокат Анна Чернова сот үкіміне шағымданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Анна Чернова өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді. Ол сот үкімі әлі заңды күшіне енбегенін атап өтті.

"Апелляциялық шағым деген бар. Заң талаптарын біркелкі қолдану үшін Жоғарғы сотқа жүгінуге болады. Менің ойымша, бұл жерде заң және сот тәжірибесінің біркелкілігі бұзылды. Сондықтан бұл үкімді қайта қарауға әлі де мүмкіндік бар. Кеше айтқанымдай, аппеляцияға береміз", - деп жазды адвокат.

Кеше азамат Б.-ға әскери сот үкім шығарды. Оған 500 АЕК, яғни 1,7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Айта кетейік, биыл ақпан айында адвокат Анна Чернова (Димитриевич) күйеуі екеуі қызды ұрып жатқан жігітті тоқтатпақ болғанда өздері соққыға жығылғанын мәлімдеген еді.

Кейін адвокаттар өздеріне шабуыл жасаған белгілі спортшы, мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екенін білген.

Бұл жайтқа қатысты Дәулет Тұрлыханов пікір білдіріп, ұлының кінәсі дәлелденсе, заңға сәйкес жауап беретінін мәлімдеген еді.

Шілде айында адвокат Анна Чернова Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлады. Кейін Қорғаныс министрлігі ол табылып, қызмет орнына жеткізілгенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040396-daulet-turlyxanovtyn-ulynan-zardap-sekken-advokat-malimdeme-zasady/

pixel