Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғалған әмиянды иесіне қайтарған шымкенттік күзетші алғысқа бөленді

Опубликовано:

Күзетші жоғалған әмиянды иесіне қайтаруда
Күзетші жоғалған әмиянды иесіне қайтаруда. Видеодан кадр: polisia.kz

Шымкентте дүкен күзетшісі адалдығы үшін алғысқа бөленді, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Басылымның жазуынша, Имран бекетіндегі патрульдік полиция полкінің кезекшіліктегі қызметкерлеріне дүкен күзетшісі әмиян тауып алғанын айтып, жүгінген.

Ер адам сауда нүктесі жабылатын кезде жерден қара түсті әмиян тауып алғанын, ішінде әмиян иесінің жеке құжаттары мен қаражаты болғанын жеткізген.

Дүкен күзетшісі әмиян иесін өз бетінше табуға тырысқанымен, іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеген. Сондықтан ол полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Тәртіп сақшылары жеке мәліметтер арқылы жергілікті тұрғынды дереу іздестіріп, әмиянның табылғанын және оның күзетші қолында екенін хабарлаған. Осылайша, жоғалған құжаттар мен қаржы заңды иесіне тапсырылған.

Өз кезегінде күзетшіге адалдығы мен көрсеткен көмегі үшін полицейлер де, әмиян егесі де алғысын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040435-zogalgan-amiyandy-iesine-qaitargan-symkenttik-kuzetsi-algysqa-bolendi/

pixel