Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда ҰҚК есірткі сатты деген күдікпен бірнеше азаматты қамауға алды

Опубликовано:

ҰҚК операциясы
ҰҚК операциясы. Фото: ҰҚК

Шекара қызметі және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Ұлттық Қауіпсіздік қызметі ресми сайтында.

ҰҚК мәліметінше, өткізілген операцияның нәтижесінде Ақтау қаласында есірткі тасымалдады, сатты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды.

"Тінту барысында 100 кг аса "марихуана" есірткі заты тәркіленді. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040519-aqtauda-uqk-esirtki-satty-degen-kudikpen-birnese-azamatty-qamauga-aldy/

pixel