Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алды деп күдіктелуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Антикордың хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттеріне қатысты азаматтардың шағымдарына жедел ден қою нәтижесінде жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасауда Алматы облысы Есік қаласының әкімі әшкере болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, шенеунік қаланың ойын алаңын абаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу шарты аясында бюджет қаражатын кедергісіз төлеу үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.

Антикор күдікті кінәсін толық мойындағанын, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ агенттік Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040557-almaty-oblysy-esik-qalasynyn-akimi-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel