Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда үш жасар бала балабақшада сорпаға күйіп қалды

Опубликовано:

Балақай
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда үш жасар қыз бала балабақшада ыстық сорпаға күйіп қалған. Бүлдіршін қазір жансақтау бөлімінде, деп хабарлайды "Мой город" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жергілікті басылым мәліметінше, қыз баланың денесінің 20-25 пайызын күйік шалған.

Сайт мәліметінше, оқиға 10 қазан күні орын алған.

Анасының айтуынша, сол күні оған түсте балабақшадан хабарласып, тезірек келуін сұраған. Ал балабақшаға келген әйел қызының қолы мен екі аяғының, бетінің күйік шалғанын көрген.

"Жедел жәрдем келіп, қажетті көмекті көрсетті. Бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Балабақшаның барлық басшылығы мен ыстық сорпа берген аспаздар жазаланғанын қалаймын. Бір бала оны итеріп жіберіпті. Бала күтуші мен тәрбиеші қайда қараған? Аспаздар қайда қараған?", - деп жазды әйел mamochki_uralska_vmeste_ Instagram парақшасында.

Сайт мәліметінше, балабақша әдіскері баланың ортаңғы топқа барғанына бір ай ғана болғанын хабарлаған. Ол қыз баланы басқа баланың абайсызда итеріп жібергенін айтқан.

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдем станциясына қоңырау сағат 12:33-те түскен. Тәрбиешілер баланың сорпаны абайсызда үстіне төгіп алғанын хабарлаған. Үш жасар қыздың басы, кеуде тұсы, аяқ-қолы, жалпы денесінің 20-25 пайызын күйік шалған. Ол қазір облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Сайт мәліметінше, осы фактіге байланысты полицейлер қылмыстық кодекстің 141-ші яғни "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сайт мәліметінше, Орал қалалық білім бөлімі өрескел заңбұзушылыққа жол берген тәрбиеші мен күтуші жұмыстан босатылатынын хабарлады. Ал басшының міндетін атқарушы "қатаң сөгіс" алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040610-oralda-us-zasar-bala-balabaqsada-sorpaga-kuiip-qaldy/

pixel