Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір мегаполисінде ауа температурасы +1 градусқа дейін төмендейді

Опубликовано:

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер бейсенбі, 12 қазанда Қазақстанның ірі қалалары – Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ OpenWeather порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз +27 градусқа дейін жылы болса, түнде ауа температурасы +8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,9 м/с.

Ал Астанада бүгін күн жаңбырлы болады. Синоптиктердің болжамынша, елордада күндіз ауа температурасы шамамен +10 градусқа дейін көтеріліп, түнде +1 градусқа дейін төмендейді. Желдің – жылдамдығы 5 м/с.

Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте де бүгін жаңбыр жауады деп күтілуде. Десе де, күндіз +24 градусқа дейін жылы болып, түнде ауа температурасы +13 градусқа дейін төмендемек. Желдің – жылдамдығы 7,3 м/с.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 12 қазанде еліміздің бір облысында үсік жүруі мүмкін екенін болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040637-elimizdin-bir-megapolisinde-aua-temperaturasy-1-gradusqa-deiin-tomendeidi/

pixel